Бейнеу-Ақтау тас жолында болған жол апатынан зардап шеккен екі адамның қазіргі жағдайы - ауыр. Ал қалған екі науқас аудандық ауруханада әлі емін жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Екі науқас реанимация бөлімінде тәуліктік бақылауда. Оның бірі 2020 жылы туған. Қазір ол ІІІ дәрежелі комада, жағдайы - ауыр. Ал 1987 жылы туған науқас І-ІІ дәрежелі комада жатыр. Жағдайы - өте ауыр, - дейді Бейнеу орталық аудандық ауруханасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 9 қыркүйекте сағат 11:50-де республикалық маңызы бар Бейнеу-Ақтау тас жолында болған. Екі адам қаза тауып, төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілген болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА