Синоптиктер еліміздің бірқатар қалаларының тұрғындарына үйден шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған тізімде Астана, Алматы және Ақтау секілді қалалар бар.
"Қазгидромет" 30 және 31 қазан күндері аталған қалаларда ауаның ластану деңгейі артады деп болжап отыр.
Осы орайда ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқартуды ұсынған. Сонымен қатар, балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек.