Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 816 000 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
7 желтоқсан күні түнгі сағат 00.30 шамасында белгісіз тұлға 32Б шағын ауданда орналасқан көпқабатты үйлердің пәтерінің бірінен тұрмыстық техникаларды, 2 дана IPhone маркалы ұялы телефон мен ноутбук, сондай-ақ алтын бұйымдар ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
Криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеп-тексеру барысында күдіктінің қыркүйек айында болған үй ішінен ұялы телефон ұрлап кету қылмысына да қатысы бар екені анықталды. Осы дерек бойынша қылмыс жасауға сыбайлас болған 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған деректер ҚР ҚК 188-бабы бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Екі күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды.