4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, әрі шаһардың мерейтойы аясында тұрғындарға 60 мемлекеттік ту таратылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Биыл – қаламыз үшін мерекелі жыл. Сондықтан мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеп, оның маңыздылығын насихаттау мақсатында 60 ту таратылды. Мемлекеттік туды өз балкондарына ілуге өтініш білдірген тұрғындарға тегін тараттық. Дегенмен, әрбір ниет білдіруші бұл іс-шараға қатыса алады. Үйінде мемлекеттік туы бар әр тұрғынды нуқанға қосылып, өз балконына ілуге шақырамын,- деді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.
Айта кетейік, мемлекеттік туды алуға 200-ден астам тұрғын өтініш білдірген. Өтінімдер арасынан балкондары қала көшелері бетінде орналасқан, орталықтағы пәтер иелері таңдалып, 60 мемлекетттік ту таратылды. «Ақтау қаласының 60 жылдығына – 60 ту» ілу науқаны 3-5 маусым аралығында өтті.