Осыған дейін жұмыстан шығарылған биология пәнінің мұғалімі Дроздова Наталья Викторовна Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектеп" КММ 14.11.2023 жылғы №317 ЖҚ Бұйрығына сәйкес жұмысқа кіріседі. Сонымен қатар аталған мектептің директоры міндетін атқарушыға қатысты тәртіптік шара қолданылатын болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биология пәнінің мұғалімімен еңбек шарты 14 қараша күні қайта жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, мектеп оқушылары жұмыстан босатылған мұғалімді жұмысқа қайта алуды талап етіп, ел Президентіне де видео үндеу түсірген болатын. Ал ата-аналар мектеп әкімшілігінің қызметіне тексеру жүргізуді талап етті.
Жанжалдан кейін жұмыстан босатылған мұғалімге мектепке қайта оралуға уәде берілген, бірақ білім бөлімінің хабарламасына қарамастан, мектеп әкімшілігі еңбек шартына сай ешқандай бұйрық шығармаған. Аталған мектеп әкімшілігі биология мұғаліміне мәселенің әлі де қаралып жатқанын хабарлапты. Дегенмен араға бір күн салып, жұмыстан босатылған Наталья Дроздова өз қызметіне қайта кіріспек.