Аталған мектеп оқушылары өздері оқитын білім мекемесі әкімшілігінің үстінен тексеру жүргізу туралы видеохабарлама түсірген. Ал ата-аналары дәл осы тақырыпта қалалық және облыстық білім басқармаларына шағым жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ата-аналардың айтуынша, мектеп әкімшілігінің түпкі мақсаты – оқу үрдісін нашарлату.
«Мектеп әкімшілігі жоғары кәсіби педагогикалық ұжымды таратып, мектеп базасында ең төмен білім беретін ұйым құрғысы келеді. Онсызда соңғы 3 жылда директорлық қызметті Б-еч И-еев У-ұлы атқарғалы мектеп сапасы төмендеп кетті. №1 жалпы білім беретін мектеп көп жыл бойы қаладағы ең үздік еді. Ал қазір мектеп басшылығының кәсіби емес саясатының салдарынан «Төмен нәтижелі мектептерге көмек көрсету» бағдарламасына кіреді. және оған жақын адамдар»,- деп жазады мектеп оқушыларының ата-аналары.
Редакция облыстық білім басқармасы мен қалалық білім басқармасынан аталған оқиғаға қатысты түсініктеме күтуде.