Ақтауда көпқабатты үйлерінің бірінің жанынан ер адамның мас күйінде екендігі туралы ақпарат 102 кезекшілік пультіне 5 ақпан күні сағат 14:30 шамасында келіп түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамды наркологиялық диспансерге жеткізді.
Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежелі мас күйінде болған.
"Құқық бұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу жөнінде әкімшілік хаттама жасалды. Үйдің ауласында отырған кәмелетке толмағандардың ата - аналары ер адамға өтініш жазудан бас тартты", - деп хабарлады полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, мектеп жанындағы 6 шағынауданда ер адам екі оқушы қызға тиіскен болатын. Өзге оқушылар қыздар үшін көмекке келген.