Ақтаудың 6 шағынауданында жалаңаш ер адамның қолына кітап ұстап, айқайлап жүргенін тұрғындар көрген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ер адамның бұл әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видеодан оның «Лә иллаха иль Алла» деп қатты айтып жатқанын естуге болады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатқанын хабарлады.