Бүгінгі жағдай бойынша, жиналған судың көлемі - 41 мың текше метрді құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі уақытта қалалық әкімдік тарапынан СЖОТ-3 арқылы 07:00-09:00 және 19:00-21:00 аралығында ауыз судың қысымын ұлғайту туралы шешім қабылданды.
Ал қалған уақытта сорғылардың және технологиялық жабдықтардың істен шығуын болдырмау үшін ауыз судың қысымы төмендетіліп, ыстық су уақытша шектелді. Бұл кейбір тұрғын үйлер үшін қабылданған шара және мәселені шешудің ең оңтайлы жолы екендігін ескерген жөн.
Бүгінгі таңда резервуарларға қажетті су көлемін жинау жалғастыруда. Тұрғындарды ыстық сумен қамту және ауыз судың тұрақты қысымын қалыптастыру технологиялық жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуіне қажет резервуарларда жеткілікті деңгейде су жиналғаннан кейін ғана қалпына келтіріледі.
Қала әкімі күн сайын резервуарлардың толымдылығын тексеруде. Мамандар қаланы ыстық сумен қамту үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр.