Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Ақтау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ол 17 шағынауданда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерлерді заңсыз сатумен айналысқан. Осылайша күдікті 650 млн теңгені алаяқтық жолмен жымқырған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.