Ақтауда 6 жасөспірім қолдан жасалған жүзу құралымен теңіз айдынына шығып, кері қайта алмай қалған. Төтенше жағдайлар департаменнің қызметкерлері 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
6 жасөспірімнің теңіз жағасынан 1,5 шақырым алыстап кеткені белгілі болды. Жасөсіпірімдерге медициналық көмек қажет болмаған.
Төтенше жағдайлар мамандары еске салады:
✅құтқару кеудешесін киіңіз;
✅жүзу құралын ішімдік ішкен күйінде басқармаңыз;
✅балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
✅ Сіздің қауіпсіздігіңіз - сіздің жауапкершілігіңіз!