2 шілдеде құтқарушылар Каспий теңізі жағалауында суға түсуге жабдықталмаған жерден 2006 жылы туған жасөспірімді құтқарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Дасөспірімге медициналық көмек қажет болмаған.
"Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Арнайы жабдықталмаған бейтаныс жерлерде шомылудан аулақ болыңыз. Балаларды үнемі бақылаңыз, оларға судағы қауіпсіздік туралы айтыңыз", - делінген хабарламада.