1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Ақтауда шағын футболдан турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыс орталығындағы «СК Теннис» футбол алаңында «Қоғамдық келісім» басқармасының ұйымдастыруымен «Күшіміз Бірлікте» деген атаумен теңбіл доп додасында жеті команда бақ сынады. Олардың қатарында Қоғамдық келісім командсы, «Аманат» «Республика», Есенов университеті, Ақтау халықаралық әуежайы, Қазаэронавигация және Ювентус Ақтау командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың негізгі мақсаты - ауызбіршілік, бірлік, ынтымақ пен елдің татулығына бағытталған. Осы орайда үздік шыққан командаларға жүлделі орындар табысталды.
Турнир нәтижесінде 3-ші орын үшін ойында «Республика» мен «Аманат» партиясы командаларының тартысты ойынында 2:2 есебімен аяқталап, пенальти бойынша «Аманат» командасы 4:3 есебімен ұтып, қола жүлдеге ие болды.
Жарыстың финалында Қоғамдық келісім командасы Ақтау халықаралық әуежайы командасын 4:0 есебімен ұтып, жарыстың жеңімпазы атанды
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнінде Ақтаудағы Достық үйі ғимаратында жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сертификаттары мен куботы табыстады.