«МАЭК» ЖШС хабарлауынша, бұған Ақтау қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерде ауыз судың айтарлықтай тапшылығы себеп болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мәселен, қазіргі уақытта ауыз су өндіру тәулігіне 47 300 текше метрді құрайды. Облыс орталығының тұрғындарына тәулігіне 15 мың текше метрге дейін ауыз су жетіспейді. Ал жасыл алқаптарды суаруға жұмсалатын судың нақты көлемі тәулігіне 4500 м3 ауыз су және 800 м3 техникалық суды құрады.
«Қаладағы жасыл желектерді суаруға бұрын жіберілген ауыз судың көлемін ауыстыру баламалы көз есебінен жүзеге асырылады. Ресми дереккөздердің хабарлауынша, Ақтау қаласында жасыл алқаптарды суару үшін ағынды суларды зарарсыздандыру және қайта пайдалану технологиясын енгізу жоспарлануда. «ГРЭС», «Green City Aktau» ЖШС суын пайдаланып суаруды су тасымалдаушылар жүргізуі тиіс болатын», - делінген кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осының арқасында энергетикалық кешенде ауыз суды тәулігіне 3000-нан 6000 м3-ге дейін, техникалық суды 700-ден 1500 м3-ге дейін үнемдеу жоспарлануда.