Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен күнделікті білім беру ұйымдарында профилактикалық кездесулер және рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полиция қызметкерлері «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп, есірткі граффити-жарнамалары мен сілтемелерін жою мақсатында рейдтік шараға шығады. Бұл жаһандық мәселеге ПД-нің жеке құрамы толық жұмылдырылған (ювеналды полиция, учаскелік полиция, кинологиялық орталық).
Биыл қаңтар айында «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық бірлестігімен екі жақты меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында түрлі сауықтыру, спорттық шаралар, велошерулер өткізіліп тұрады.