Ақтаулық полицейлер көлік дөңгелектерін ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Белгісіз ер адам Ақтау қаласында орналасқан гараждардың бірінде тұрған “Hyundai” маркалы автокөлігінің 4 дөңгелегін ұрлап кеткен. Көлік иесі полицияға арызданған соң 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ПД-нің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркелді. Бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты әзірге жария етілмейді.