Жиынға Ақтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Сали, қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы Сәрсенхан Малыбеков, қала прокурорының орынбасары Берік Ходжаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мансап орталығы және полиция басқармасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Отырыста пробация есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік және медициналық көмек көрсету мәселесі талқыланды.
Қайта қылмыс жасауын болдырмау мақсатында Нұртас Сали пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында мамандармен бірлесіп, мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік және медициналық көмек көрсетілетіні туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Ақтау қалалық мансап орталығының басшысы Ботагөз Карамурзаеваның айтуынша, қала бойынша пробация есебінде тұрған азаматтарға жұмыс тапқанға дейін жұмыссыздыққа тіркелгені жөн.
Жиын соңында хаттама жасақталып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.