Маңғыстау облысында «Игі істер марафоны» аясында «Экология» апталығы жалғасуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза өлке» сенбілігі өтті. Шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалық жұмыстарын жасап, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақыру.
Сенбілік Қарақия ауданы Құрық ауылы теңіз жағалауында өтті. 120-ға жуық жас сенбілікке қатысты және 4 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында 75 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, «Игі істер марафоны» ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің тапсырысы негізінде орындалып жатыр.