Маңғыстау облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 45 жастағы жергілікті тұрғынды тұтқындады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде жатын бөлмесінен Калашников автоматы табылып, тәркіленді.
Қаруды заңсыз алу және сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі байланысты жарияланбайды.