«Қарасора-2023» арнайы республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының Ақтау қаласындағы 26 шағын ауданда 21 жастағы қызды ұстады. Күдіктіні тінту барысында салмағы 12 грамды құрайтын "мефедрон" синтетикалық препаратымен 17 байлам тәркіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп отыр. Қазір сот санкциясы бойынша ұсталған күдікті 2 ай уақытқа қамауға алынды. Бұдан өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін әзірге құпия болмақ.