102 кезекші пультіне Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 43/743 шақырымындағы жол апаты туралы шақыру келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың ПД-не сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше Камаз, Volkswagen Sharan, LADA және Газ 330253 автокөліктері соқтығысқан.
Оқиға орнында жол апатында "Lada" маркалы автокөліктің 49 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан соң қайтыс болды. Зардап шеккен төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді.
Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының ББ ЕҚДБ-да тіркелген. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.