Кеше Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 43/743 шақырымында болған жол апатынан зардап шеккен 7 адам облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыстық аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, 1996 жылы туған науқасқа амбулаторлық ем көрсетіліп, үйге жіберілді.
- Қалған 6 адам қазіргі таңда облыстық ауруханада жатыр. Оның үшеуі травматология бөлімшесінде жатыр. Екі науқас жансақтау бөлімінде, жағдайы - ауыр. Ал жабық бас жарақатын алған бір науқас нейрохирургия бөлімшесінде жатыр, - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Еске салайық, кеше сағат 14:00 шамасында төрт автокөлік (Камаз, Volkswagen Sharan, Lada және Газ 330253) соқтығысқан. Оқиға орнында «Лада» көлігіндегі 49 жастағы жолаушы көз жұмды.