Ақтау – Баку бағытына ұшқалы жатқан 1966 жылғы Түркия азаматынан 14 600 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған валюта табылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Құрық» кеден бекетінің қызметкерлері шекара нарядымен бірлесіп, декларацияланбаған валютаны әкету әрекетін тоқтатты.
«Кедендік реттеу туралы» ҚР кодексінің 150-бабына сәйкес декларант осы баптың 2-тармағының 3-бөлігінде көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін ҚР-ның заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тексеру нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 741-бабында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар табылған жоқ. Ол үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 551-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Осыған байланысты, аталған құқық бұзушыға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»ҚР Кодексінің 3-бөлігінің 551-бабы бойыншаәкімшілік материал жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.