Ақтауда қаласында мас күйінде көлік тізгіндеген 4 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 210 автокөлік айыптұрағына жабылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық полиция департаментінің айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары өткен бір апта ішінде қала тыныштығын бұзған 59 азаматқа, сондай-ақ қоғамдық орындарда ішімдік ішкен 98 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырған.
Кәмелетке толмаған 101 жасөспірімге түнгі уақытта беймезгіл жүргені үшін айыппұл салынған.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы 720 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген.
"102" желісінің операторларына әртүрлі сипаттағы 5943 өтініш келіп түскен.
6870 жүргізуші «Сергек» бейнебақылау қондырғысына түсіп қалған.