Бүгін Ақтауда "зорлық-зомбылыққа төзбеушілік" акциясы өтті, оның міндеті қоғам назарын балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне аударуға бағытталып отыр, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Митингке қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, өңірдің белсенді әйелдері қатысқан.
"Бүгінгі таңда балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қауіпсіздігі елдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал полиция қызметкерлері келгеннен кейін жанжал кінәлілеріне шағымданудан бас тартады. 19 мамырдан бастап тұрмыстық зорлық - зомбылық туралы Қылмыстық кодекске, ал 1 шілдеден бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер күшіне енді. Заңдағы жаңа өзгерістер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жәбірленушілердің өтінішінсіз (яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша) қозғауға мүмкіндік береді. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Енді тараптардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталған. Бақытты бала - бақытты отбасы - бақытты ел! Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігіне құқығы бар", - дейді "Маңғыстау" жергілікті бастамалар орталығы" қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова.