Атырау облысында тас жолда екі автокөлік соғылып, жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 маусым күні республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соғылып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Соққы салдарынан «Lada Priora» автокөлігін өртеніп, 1992 жылы туған көлік жүргізушісі мен 2001ж.т., жолаушысы, сондай-ақ, «Toyota Camry» автокөлігінің 1972ж.т., жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал 1971ж.т. «Toyota Camry» көлік жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапқан.
«Toyota Camry» көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.
Осы ретте жол полиция көлік жүргізушілеріне жол ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауды ескертіп отыр.