Ақтау қаласында «Мейірім» балалар медицина орталығының ашылуы салатанаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Орталықтың негізі қызметі - жаңа туылған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық кеңес беру және диагностика қызметтерін атқару.
«Біздің орталықта қызмет көрсететін дәрігерлердің деңгейі жоғары санатты. Кеңес берумен қатар бас,жүрек,ішек құрылыстарына ультрадыбыстық зерттеулер қызметтері де бар және ем шара бөлмесі де қарастырылған» ,-дейді Мейірім орталығының директоры Ренат Досаев.
Орталықтың бас дәрігерінің айтуынша орталықта неонатолог, педиатр, пульмоноло, аллерголог, гастоэнтероло, эндокринолог, невролог, хирург, уролог, травматоло, ортопед, нейрохирург, оториноларинголог, инфекционист, паразитолог, УДЗ дәрігері, интегративті педиатр мамандары қызмет етеді.
Өңіріміздегі балаларға арналған алғашқы медициналық орталық 11 шағынаудан, 60 үйде орналасқан