© Архив
27 қаңтарда Жаңаөзенде тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенді. Төтенше жағдай қызметкерлері көрші пәтерден үш бала мен бір ересек адамды құтқарған, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
ТЖД мәліметінше бір бөлмелі пәтердің 30 шаршы метр аумағында тұрмыстық заттар өртенген.
- Зардап шеккендер жоқ. Көрші пәтерден үш бала мен бір ересек адам эвакуацияланды. Өрт ошағы бір сағат ішінде сөндірілді. 2 бірлік техника мен 9 қызметкер жұмылдырылды, - деді Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаменті.