Ақтауда түнгі кезекшілікте және таңертең автомобиль және жаяу жүргіншілер жолына 24,60 м3 құм және 12,30 тонна тұз аралас қоспасы себілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ең алдымен көшелерге, аялдама, мектеп айналасы, балабақша, аурухана, баспалдақтар, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстарға 1 жауапты шебер, 7 жол жұмысшы, 4 жүргізуші, 2 МАЗ пескоразбрасыватель, 1 автотиегіш, 1 газель жұмылдырылды.
Түнгі кезекшілікте және таңертең мына мекен-жайларға 24,60 м3 құм және 12,30 тонна тұз аралас қоспасы себілді:
-№3 автожолы,«Ардагер» СҮ(спуск);
- №12 автомобиль жолы;
- 27 шағынаудан, «Бәйтерек» с/о (айналма жол)
- № 24 автомобиль жолы «Green plaza» ТҮК және «Инара» ТҮК маңы;
- 14 шағынаудан, «Адмирал» ойын-сауық орталығының маңы
-№22 автомобиль жолы, Кеден – Ш.Есенов атындағы университет;
- № 29 автомобиль жолы, Қан орталығы
- № 18 жол қиылысы;
- № 24 автомобиль жолы, Триумфальная арка(айналма жол)- «Дина» гипермаркет – Ассамблея;
- №27 автомобиль жолы, Сары базар;
- №10А автомобиль жолы, 4 шағынаудан 1 үй – 5 шағынаудан 1 үй;
- №18 және №33 автомобиль жол қиылысы;
- №18 және №21 автомобиль жол қиылысы;
- №18 және №27 автомобиль жол қиылысы.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС мәліментіне сәйкес, қазіргі таңда жолдарға құм мен тұз аралас қоспасын себу үшін қорда 281,50 м3 құм және 22,60 тонна тұз бар.
Сондай-ақ, шағынаудан ішілік жолдарға құм-тұз себу жұмыстарына «Ақжол+К» мекемесінен 200-ден астам қызметкер жұмырылды. Мердігер мекеме қызметкерлері шағынаудан ішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарына 4 тонна құм-тұз аралас қоспаны себу жұмыстарын жүргізіп жатыр.