"Біз адамбыз, біз біргеміз" қоғамдық қоры қарттар үйіндегі адамдарға спортпен айналысатын және тігіншілікке арналған шығармашылық бөлмесін тарту еткелі отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спорт бөлмесінде қариялар үстел теннисі және шахмат ойнайтын болады. Сондықтан қор өңірдің бей-жай қарамайтын тұрғындарына кабинет жабдықтарына көмек көрсетіп, қайырымдылыққа ат салысуға үндеп отыр.
"Қор қарттарға көмек беру үшін ақша жинамақ. Оған тігін машиналары, жіп, иірілген жіптер, қажетті маталар, теннис үстелі және шахмат сатып алынады. 8 747 215 93 15 (Ақгүл) байланыс нөмірің Каспи банкідегі есепшотына қаржылай көмекті аударуға болады", - деді қор басшысы Иманғазы Досмұхамбетов облыс тұрғындарына.