«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде №22 жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларымен патриоттық-рухты арттыру мақсатында арнайы кездесу өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кездесу барысында, әскери бөлімге келген мектеп оқушылары әскери өмірдің қыр сырымен танысып, тағылымды ойлар тыңдады.
Аталмыш іс-шара барысында әскери бөлім қызметкерлері жас патриоттарға алғашқы көмек көрсету мен арнайы құралдарды қолдануды көрсетіп, әскери даярлық сабақтарын өткізді, көптеген ақпараттар берді.
Сонымен қатар, кездесу аясында жас патриоттарға, әскери бөлім аумағында орналасқан әскери казармалар мен асханалар көрсетілді.
Экскурция аясында оқушылар назарына әскери қызмет туралы бейнероликтер ұсынылды.