Ақтауда Тойота RAV 4 маркалы автокөлігінің жүргізушісі аялдамаға тұрақтап, қоғамдық көліктің өтуіне кедергі келтірген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бейнежазбада Тойота RAV 4 маркалы көліктің жүргізушісі қоғамдық көлік жүргізушісінің сигналын естімеген сыңай танытып, көлік терезесін жауып алғаны байқалады.
Ақтау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізушінің жеке басы анықталғанын хабарлады.
Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 597-бап бойынша әкімшілік хаттама жасақталған.