Бүгін, 16 қазанда Ақтаудағы 40 білім беру ұйымы, 10 денсаулық сақтау нысаны жылу желісі іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дегенмен қаладағы магистральді жылу желілерінде болған ақауларға байланысты бірқатар әлеуметтік нысанға жылу беру кешігіп жатыр.
Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі жылу мәселесі қала әкімдігінің қатаң бақылауында екенін хабарлады.
Айта кетейік Ақтау бойынша әлеуметтік нысандарға 13 қазаннан, көпқабатты тұрғын үйлерге 15 қазаннан бастап жылу беру жұмыстары басталды.
Махаббат Нұржанқызы