• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 7 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

2025 жылы Ақтау әуежайында жаңа әуе рейстері ашылады...

Қазақстандық спортшылар Олимпиада медалі үшін қанша алады?...

Қоян-қолтық ұрыстан «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшілері чемпион атанды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

  • USD: 479.4 ₸
  • EUR: 522.93 ₸
  • RUB: 5.61 ₸

Ақтауда Адай жылқысына мәртебе беретін куәлік табысталды

25 қаңтар, 19:39  |  Маңғыстау жаңалықтары

Бүгін Ақтауда «Адай» жылқысының мәртебе алуына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шарада Ұлттық зияткерлік меншік институтының, Ауыл шаруашылығы және Әділет министрлігінің өкілдері «Адай жылқысы» брендін пайдаланудың айрықша құқығын растайтын куәлікті «Асыл тұқымды «Адай» жылқысы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігіне табыстады.

Енді «Адай» тұқымды қазақ жылқысының ерекше қасиеттері заңды түрде бекітілді.

Сарапшылар заманауи технологияларды қолданып, жылқылардың генетикалық құрылымын анықтау үшін ғылыми сынақтан өткізді.

Ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары Айдын Артықова зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ескере отырып, қазақтың адай жылқысының ерекшеліктері енді заңды түрде қорғалғанын айтты. Бұл өз кезегінде жылқы өсірушілерге қазақтың «Адай» жылқысының тұқымын сақтау, өсіру және насихаттау үшін тиімді болмақ. Сонымен қатар ұлттық ойындарды, соның ішінде көкпар мен бәйгені насихаттауға ықпал етеді.

- «ҚазПАТЕНТ» географиялық ерекшелігіне қарай Алматы апортынан кейін, «Адай» жылқысының тұқымын патенттеді. Тұқымның жаңашылдығы, ерекшелігі мен біртекітілігі ғылыми, патенттік критерийлерге сәйкестігі ұлттық брендке айналуына мүмкіндік берді. Айрықша құқықтардан басқа, патент иесіне 30 жылдық қауіпсіздік мерзімі беріледі. Патенттер тек «Адай» тұқымына ғана емес, оның 2 типімен мен 3 желісіне де берілді, - деді Айдын Артықова.

Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Адай» жылқысын дербес тұқым ретінде ғылыми тануды тапсырған болатын.

Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов Қазақстан Президентіне «Адай» тұқымды қазақ жылқысының мәртебесін нығайтуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

- «Мамандар Адай тұқымды қазақ жылқысын ұлттық бренд ретінде тану үшін үлкен жұмыс атқарды. Ол үшін Маңғыстауға ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспекция комитетінің арнайы мемлекеттік комиссиясының мүшелері шақырылды. Сарапшылар облыстың барлық аудандарындағы 1400-ден астам Адай жылқыларын зерттеді. Нәтижесінде Адай жылқысының бірегейлігін растады. Маңғыстау ақсақалдарының атынан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақтың Адай жылқысының мәртебесін алуға қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз, - деді Серікбай Төлетов.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев «Адай» жылқысына патент алу жұмыстың маңызды бөлігі аяқталғанын, дегенмен атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі әлі алда екенін жеткізді.

- «Президенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыстың арқасында Адай тұқымды қазақ жылқысы Қазақстанның ұлттық бренді болып отыр. Бұл мақтаныш сезімін тудыратын маңызды жетістік. Біздің басты мақсатымыз-ата-бабаларымыздың мұрасын құрметтеу арқылы ұлттық болмысымызды сақтау. Мұндай мәртебе алу тұқымның бірегей генетикалық қасиеттері мен мәдени мұраны сақтауға, селекциялық бағдарламаларды дамытуға, тұқымды сақтап қалуға және сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай - ақ, асыл тұқым мәртебесі халықаралық жарыстарда мемлекет мүддесін қорғауға және туристерді тартуға ықпал етеді, - деді өтті өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы.

Қазақтың Адай жылқысы Арал-Каспий ойпатының аумағында жергілікті жылқы популяциясының көпжылдық халық селекциясы негізінде қалыптасты. Бұл тұқымның жылқылары жергілікті қатал табиғи-климаттық жағдайларға жақсы бейімделген. Сыртқы ерекшеліктерге айрықша төзімді және күтіп-баптау жағдайларына тез үйренеді.

Еске салайық, былтыр қарашада Кендірлі ауылында өткен халықаралық турнирде Адай тұқымды қазақ жылқысы өзінің ерекше қасиеттерін көрсетті. Онда қазақтың адай жылқысын Халықаралық ат спорты федерациясының алты төрешісі, оның ішінде БАӘ сарапшылары бағалады.

Бұл жарыста Көк Жебе есімді Адай жылқысы 4 сағат 48 минут 36 секундта 100 шақырымдық қашықтықты жүріп өтіп, жеңіске жетті.

Сондай-ақ, 2022 жылы «Ұлы дала жорығында» Адай жылқысы өзінің табандылығы мен айрықша мінезін көрсетті. «Көкмойнақ» командасы адай жылқысымен 1200 шақырым жүріп өтіп, республикалық марафонында бірінші орынды иеленген еді.

Былтыр да бұл марафонда маңғыстаулық Адай жылқысының шабандозы Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырымды небәрі 98 сағат 44 минут 47 секундта бір атпен жүріп өтіп, рекорд орнатқан болатын.

521
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Былтыр Маңғыстауда кәмелеттік жасқа толмаған 11 бала суицид жасаған

Келесі жаңалық

Маңғыстауда 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
    4315

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    4480

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    4140

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    3443

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    3458

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    4416

    Рубрикалар

      БайқауТүпқарағанБіле жүріңізАуыл өміріЖарнамаАшық қоғамҚазақстан жаңалықтарыСұхбатСаясат

    Автордың басқа да жазбалары

    Жаңаөзенде жас сарбаздарға қару табысталды

    Бүгін 09:47
    76

    Париж Олимпиадасы: Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды

    Бүгін 09:03
    60

    Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты

    Кеше 22:00
    161

    Қоршаған ортаны сақтау үшін! Маңғыстаудағы мектептер мен балабақшалар балаларды табиғатты аялауға қалай баулиды?

    Кеше 19:08
    143

    ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды

    Кеше 16:55
    1

    Ақтауда 400 балаға өрт және судағы қауіпсіздік ережесі үйретіледі

    Кеше 16:31
    152

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»