Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі Маңғыстау облысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Сейсмологиялық жағдай 4 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 02.02-де жер сілкінісін тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2232 шақырым жерде, Каспий теңізінің аумағында болды.
Оның энергетикалық санаты – 14.2, MPV магнитудасы – 5.8, Тереңдігі – 70 км-де болған. Ал эпиошақ координаттары – 42.29° с.е. 49.89° ш.б. құрады.
Сондай-ақ, МSК-64 бағаны бойынша сезілуі Ақтау қаласында 2-3 балға жетті. Ал қала тұрғында бұл уақытта жер сілкінісін анық сезінгенін әлеуметтік желіде жазып жатты.
4 шілде күні сағат 00.01-де Әзербайжанның сейсмология қызметтері 5,7 магнитудасымен жер сілкінісін тіркелгенін мәлімдеді. Яғни, Каспий теңізінде қуатты жер сілкінісі болып, жерасты тербелесін Әзербайжанның жекелеген аудандары, соның ішінде Баку тұрғындары сезінген.