Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Маңғыстау-Медиа» ЖШС арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мен осы бағытта азаматтардың бұқаралық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды.
Ортақ меморандумға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев пен «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Айсұлу Дутбаева қол қойды. Айта кетейік, А. Дутбаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы қызметін қоса атқарады. Айта кетейік, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС құрамына 2 облыстық, 1 қалалық, 5 аудандық және 1 сайт, жалпы 8 басылым кіреді.
Қабылданған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Маңғыстау-Медиа» ЖШС ақпараттық интернет арнасында кең ауқымда жұмыстар жүргізеді. Тарқата айтар болсақ, ең алдымен заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығын, адамның және азаматтың жеке өмірін, ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыруды назарға алу; қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жалпы төзбестік ахуалын қалыптастыру мен азаматтардың бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы ақпараттарды алу мүмкіндіктерін және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарында көзделген жағдайларды ескеру; тараптар арасындағы жемісті ынтымақтастық Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатты іске асыруға, қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін нығайтуда және осы бағыттағы бұқаралық ақпаратты таратуға салмақты үлес қосу және сонымен қатар тараптардың қызметіндегі мақсат-мiндеттер және принциптерін, сондай-ақ, құзыретi мен өкілеттігін өзара мойындай отырып, әр тарапқа нұқсан тигізетін әрекеттерге жол бермеу жіті ескерілуі тиіс.
Меморандум қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы және парасаттылық мәдениеттерін қалыптастыруға бағытталған бірлескен шаралар ұйымдастыру арқылы әрекет ету мақсатында жасалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Маңғыстау-Медиа» ЖШС осы мақсаттарды іске асыру үшін мақсаттарға жету үшін өзара ынтымақтастықты ұйымдастыруға; Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуына бірлесіп жұмыс жасауға; «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арқылы тұрмыстық жемқорлықты жоюға және құжаттың мазмұны саналатын өзара ақпараттық алмасуға келісті.
Ынтымақтастықтың негіздері мен принциптері еліміздің Конституциясы мен және қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ тараптардың өкілеттігіне сәйкес іске асырылмақ. Құжатта көрсетілгендей, бірлескен қызмет бағыттары бойынша қос тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын азайту үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтауға талдау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізу, департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырады, азаматтарға кеңестер беру, «Маңғыстау-Медиа» ақпараттық интернет арнасына және өзге де мүдделі ұйымдарға мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы сараланған мәліметтер мен статистикалық деректер беру бірлескен қызмет құзіретіне кіреді.
Ал «Маңғыстау-Медиа» ақпараттық интернет арнасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу, өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың және «Маңғыстау –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыстарына қатысатын болады.
Жайық НАҒЫМАШ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН