Бұл жөнінде Ақтау қалалық әкімдігінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашевтың айтуынша, аялдамалардың жабдықталуына 41 миллион теңгеге өтініш берілген. Жабдықтау қаражатының бөлінуіне қарай аялдамалар жабдықталатын болады. Жетібай Болышұлы қаражат бөлу мәселесі ақпан айында нақтыланатынын жеткізді.
Өткен жылы қала әкімдігімен автобус аялдамасын ұйымдастыру мақсатында өткен аукцион нәтижесінде 20 аялдама сатылған. Биыл тағы 10 аялдама бойынша аукцион өткізілмек.
Айта кетейік, Ақтауда барлығы 194 аялдама бар.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН