Ақтаулық студент Айлара Айтбаева жеміс-жидектерден чипстерді дайындауды жоспарлап жүр. Оның айтуынша, мұндай чипстер адам денсаулығына зиян келтірмейді. «Әдеттегі картоптан дайындалатын чипстерге қарағанда «жемісті чипстер» денсаулыққа пайдалы. Себебі, оның құрамында бояғыш заттар жоқ», - дейді Айлара. Оның айтуынша, чипстерді әзірлеу көп уақытты алмайды. Ол қазіргі таңда қысқа толқынды пеш арқылы чипстерді дайындап жүр. Оның ендігі басты арманы - бұл өнімді көпшілікке ұсыну. https://www.youtube.com/watch?v=uuAcLq_GmUc Жоба авторының есептеуінше, кәсіпті бастау үшін 500 мың қаражат керек. Содан кейін ол «Жемісті чипстерді» сатылымға шығарып, бренд қалыптастырмақ. Сонымен қатар Айлара өз кәсібін жетілдіру үшін үздіксіз еңбек етіп, жастарға берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануды ойластырып жүр. Сондықтан Айлара Айтбаева Ақтауда өтіп жатқан «Стартап мектебіне» қатысып, екінші орынға ие болды. Сондай-ақ оған 300 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="87825,87844"]