Ақтауда 9 қазан - Дүниежүзілік пошта күні мерекесіне орай "Қазпоштаның" жаңа сәлемдемелер супермаркеті ашылды. Бұл - Ақтау қаласындағы екінші сәлемдемелер супермаркеті. Бөлімшенің ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов арнайы қатысып, сәлемдемелер супермаркетінің жұмысымен танысты.
Тұрғындар өзінің сәлемдемесін алу үшін трек нөмірі немесе ұялы телефонның нөмірі арқылы сәлемдеме орналасқан сөренің қатары мен ұяшықтың нөмірі жазылған талонды алады. Талонға сәйкес сөреден өзінің сәлемдемесін алған соң операторға құжатын көрсетеді. Яғни, сәлемдемелер супермаркеті кезекті жоюға бағытталған жаңа форматтағы орталық.
Пошта күні осымен 144 жыл қатарынан аталып өтсе, ал еліміздегі ұлттық пошта байланыс операторы "Қазпошта" АҚ биыл 25 жыл қызмет көрсетіп келеді. Ұлттық оператор ошталық, қаржылық, логистикалық, брокерлік және трансфер-агенттік қызметтерді көрсетеді.
"Біз күніге қаржылық қызмет бойынша 17 мыңға жуық транзакция жүргіземіз, 28 200 пошта жөнелтімдерін жібереміз", - дейді Маңғыстау облыстық филиалың директоры Махаббат Сейітова.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63098,63099,63097"]