Ақтау қаласы 1 шағынаудандағы яхта клубы демалушылардың теңіз жағасында кедергісіз жүруі үшін қақпасын ашқанын хабарлады.
«Бриз» яхта клубының командирі Сергей Кулькиннің айтуынша, бұл аумақ қаланың меншігінде, ал клуб әрбір он жыл сайын мемлекеттен жалға алып отыр. Дегенмен, бұған дейін теңіз жағалауында серуендеу үшін қала тұрғындары мен қонақтарының клубты айналып өтуіне тура келген еді.
«Бұған дейін шығыс қақпа негізгі кіру есігі ретінде, ал батыс қақпа – өрт жағдайында шығуға арналған есік ретінде қолданылып келді», - деп атап өтті С.Кулькин.
Қақпа жаз бойы және қыркүйек айында таңғы сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін ашық тұрады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН