Ақтау қаласында орталық көшедегі “Жеңіс" аллеясын жаңарту жұмыстары басталды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Бұл саябақта Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен құрбандарына арналған "Мәңгілік алау" ескерткіші, Маңғыстаудан шыққан Кеңес Одағының батырлары мен "Даңқ "орденінің иегерлеріне арналған мемориалдық тақталар, Радиациялық апат құрбандарына арналған ескерткіш, Ауған соғысының құрбандарына арналған ескерткіш орнатылған.
"10100 шаршы метрге жаңа жаяу жүргінші жолы төселеді. Демалыс орнына орындықтар, қоқыс жәшіктер орнатылады. Жөндеу жұмыстары қараша айына дейін жалғасады", - деп хабарлады Ақтау қалалық әкімдігі.
Жоба құны - 356 млн теңгеге бағаланып отыр. Жұмыстарды мердігер мекеме "Нұрсәт" ЖШС" жүргізеді.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Жобаның суретін Ақтау қаласы әкімдігі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="58101,51923"]