Кеше, 10 шілде күні Ақтау қаласының суға түсуге тыйым салынған орындарын белгілеу туралы Маңғыстау облысы мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы №19/236 шешімі күшіне енді. Енді бұдан былай Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарына 4 шағынаудандағы «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінен бастап 5 шағынауданындағы М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейін ұзындығы 300 метр жерде суға түсуіне болмайды. Сонымен қатар ұзындығы 100 метр «Шора» су арнасының жағалауы тыйым салынған аймақтар болып белгіленді. Енді бұл аймақтарда суға түскендерге 16 835 теңгеден 144 300 теңгеге дейін айыппұл салынады.
Айта кетерлігі, «Шора» су арнасының аумағына жағалай қоршау орнатылды. Ақтау қаласы әкімдігі өзінің инстаграм парақшасында хабарлағандай, бұрын су арнасының екі жағында 300 метрден, жалпы ұзындығы 600 метр қоршау болған. Енді жағалаудағы қоршау тағы 260 метрге ұзарған.
https://www.youtube.com/watch?v=at47r5GoGl0Кеше «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен теңіз жағасында демалушыларға қауіпсіздік үшін қабылданған сақтық шаралары мен тазалық жағдайын түсіндіру жұмыстары өтті. Үгіт-насихат тобының құрамында ішкі істер органдары, төтенше жағдайлар департаменті, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, экология департаменті, бұқаралық ақпарат құралдары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері болды.
https://www.youtube.com/watch?v=U0Ls9d4mjKM«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Звира Есбергенованың айтуынша, жаз маусымында шаһарға келіп-кетушілер қатары көбейген сайын сақтық шараларын күшейту маңыздылығы туындайды.
Демалушылармен тілдескен төтеншеліктер суда қаза тапқандардың азаймай отырғанын айтты. Былтыр 19 адам суға кеткен. Биыл суға түсу маусымының алғашқы айларында Каспий теңізі жағалауында 7 адам суға кеткен. Маусым айында – 3, ал шілдеде – 4, оның 2-уі кәмелет жасына толмаған балалар.
https://www.youtube.com/watch?v=_yvgqDphGLQМамандар теңіз жағалауында шомылып жүргендерге қатерлі аумақ деп танылған жағалауда суға түсудің тыйым салынғанын түсіндірді. Суға түскендерге тәртіп сақшылары ескерту берді. Келесі жолы тыйым салынған аймақта теңізге түскендер айыппұл төлейтін болады.
https://www.youtube.com/watch?v=1zkeEY7cOEAҚұзырлы билік өкілдерінің жағалауда жүргенін пайдаланып, қала тұрғындары да жағалаудың тазалығы мен жүйткіген көліктерге назар аудартты. Шашылған бос бөтелкелер, темекінің қораптары, шарқалталарға қарасақ, кейбір демалушының тазалыққа мән бермейтіні байқалды. Сондай-ақ балалы ата-аналар жағалауда көліктердің жүруіне шектеу қоюды сұрады. Бұрын шлагбаум қойылыпты, бірақ қазір жағалауға көліктердің кіруіне тыйым жоқ. Ал әрі-бері жүйткіген машиналар демалушылардың мазасын қашырып отыр. Сәбиін жетектеген аналар осы мәселені тәртіп сақшыларының бақылауына алуды өтінді. «Нұр Отан» партиясының өкілдері де бұл мәселені бақылауға алатынын жеткізді.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="57751,57746,57750,57749,57745,57744,57748"]