Ақтаудағы «Қала жолдары» мекемесі шаһар тұрғындары мен қонақтарын қала сыртындағы демалыс орындарына тегін тасымалдауды қолға алды. Автобустар тұрғындарды суға түсу маусымы кезінде, яғни 28 маусымнан 31 тамызға дейін қатынайтын болады. Тегін автобустар «Ақбота» саябағы мен «Ынтымақ» алаңынан «Алау» демалыс орнына жеткізеді.
Қала тұрғындарының өтініші мен ұсыныстарын ескере отырып, 2 шілдеден бастап «Ақбота» саябағынан «Приморский» елдімекені және Сарбаз жағажайына дейін қосымша тегін автобус көлігін қосқанын хабарлайды «Қала жолдары» мекемесі.
Көлік барлық демалыс орындарына бес минуттай аялдайды. Бұл жағажайға демалуға баратын жандарға ерекше жаңалық болмақ.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Көрнекі сурет сайттың архивінен