©
"Асфальтқа дайындау және асфальт төсеу жұмыстарына байланысты "Виктория Гранд отель" қонақ үйінен бастап "Ынтымақ" алаңына дейінгі жол уақытша 3 күнге жабық болады... Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады Ақтау қаласының әкімдігі өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Жөндеу жұмыстары 22 мамыр 9:00-ден бастап 25 мамыр 9:00-ге дейін жүргізіледі.
22 мамыр күні жолды тазалау жұмыстара жүргізілсе, 23 мамырдан бастап асфальт төсеу жұмыстары басталады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласының 55 жылдығы қарсаңында Ақтаудағы алты жолақты орталық жол жаңартылып жатырғанын жазғанын едік. Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов журналистер қатысқан брифингте орталық жолды жаңартудың себебін айтқан болатын.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттер АҚтау қаласы әкімдігінің парақшасынан