©
Мұндай ұсыныс Ақтауда өткен «Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі, Каспий маңы елдерінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде айтылды.
Қатысушылар ұсынға жаңа инвестициялық жоба - "Қазақстан теңіз университеті" Маңғыстау гуманитарлық-техникалық колледжінің базасынан ашылуы мүмкін. Онда оқитындар үшін 1500 орындық жатахқана салу да жоспарланды.
«Президент барлық жерде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Бұл елдің дамуына аса қажет. Балаларға компустар салынуы керек. Жатахқаналар салынуы керек. Студенттер тек Маңғыстаудан ғана емес, республиканың түкпір-түкпірінен, шетелден келеді», - деді Орталық Азия Университетінің ректоры Жұматай Әлиев.
Бұл Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында инвесторлардың қолдауымен жүзеге асады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, конференцияға халықаралық ұйымдардың, Каспий маңы елдерінің өкілдері, шетелдік және қазақстандық ғалымдар, сондай-ақ Пәкістан мен Македония Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, Түркия, Түрікменстан, Иран Ислам Республикаларының Бас консулдары қатысты.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Көрнекі сурет сайттың архивінен