©
«Орал «Зенит» зауытында «Көгершін-450» және «Көгершін-650» жобалары бойынша катерлер құрастырылуда, - деп хабарлады ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігінің ресми сайты.
Жаңа катерлер бұрын жасалған және алдағы уақытта жасалатын кемелердің жиынтығына кіреді, қызмет ету ресурсын толықтай жұмсаған жұмысшы катерлерді ауыстыратын болады.
Бұл катерлер мемлекеттік шекараның мемлекеттік аумақтық сулары мен Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі құрлықтық қайраң суларын күзету, заң бұзушыларды тез ұстау үшін қолданылмақ. Күндіз-түні жүруге мүмкіндік беретін катерлер 6-8 адамға арналған.
Катерлер түрлі мақсатқа, атап айтқанда, құтқару-іздеу жұмыстарына, су аумағын торуылдау, балық қорғау инспекциясының қажеттіліктеріне, жағалауда және ішкі су жолдарында қызметтік жүріп тұру және қызметкерлерді тасымалдауға қолданылады.
Аталған ведомствоның хабарлауынша, катерлерді кеме жасаудың заманауи тәжірибесіне сай құрастырылуда. Катерлерді жасауға тек жоғарғы сапалы, мықты және жөндеуге жарамды материалдар, тетіктер, құрылғылар, жабдықтар мен құрал-саймандар қолданылады.
Ескерте кетерлігі, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сенімгерлік басқаруындағы «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы АҚ-ның құрамына кіреді.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен