©
Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Астанада Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сұхбат кезінде мәлімдеді.
Туризмді дамытуға арналған визит орталығы Маңғыстау түбегінің тарихи жерлері мен табиғатын тамашалауға келген саяхатшыларға арналады. Облысқа келген қонақтарға осы жерде қажетті ақпаратпен қамтылатын болады. Одан әрі мамандардың көмегімен саяхатқа шыға алады.
Қызылқала қалашығын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша кешенді жұмыстар іске асырылып, Шопан ата, Бекет ата жолдары бойында сервистік- визит орталықтарын салу жоспарланған. Қаражат көлемі 51,650 млн тг.
«Маңғыстаудың тарихының «ақтаңдақ» тұстарын толықтыру мақсатында арнайы «Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес мұралары» экспедициясы (76,2 млн тг) 15 мамырда басталады. Экспедиция тарих, этнография, этоноархеология, этимология, топономика, тарихи-сәулет бағыттарын толықтай зерттеу бойынша жұмыстар жүргізеді», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Осы ретте Е. Тоғжанов Маңғыстаудағы экспедицияның "National Geografic" арнасы арқылы 24 елге көрсетілетінін айтып өтті.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаудың ерекше көріністері (ФОТО)Сондай-ақ облыс әкімі Серікбол Қондыбай еңбектерін насихаттау мақстында халықаралық конференция өтетінін айтты. Оған Түркия, Башқұртстан, Әзірбайжан сияқты түркі мемлекеттерінен ғалымдар келеді деп жоспарланған.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Маңғыстауда 75 мектепте Елбасының еңбектері оқытылған.
"Сонымен қатар, 13 мектепте серікболтану сыныбы, 15 мектепте әбіштану сыныбы, 35 меткепте өлкетану сыныптары ашылды", - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет М. Нұрқабаевтың архивінен