©
Келесі жылы Онды ауылына заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлының есімі беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов Астанада Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. - Жақында заңғар жазушымыздың туған жері – Онды ауылына Әбіш Кекілбайұлының есімін беру туралы ұсыныс тастадық. Бұл алдағы уақытта сөзсіз қолдау табады деп ойлаймын, - деді Е.Тоғжанов. Айта кетейік, келесі жылы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы өтеді. Өңір басшысы, сондай-ақ Түріксой ұйымы көлемінде 2019 жылды Әбіш Кекілбайұлы жылы деп жариялауды ұсынғандығын хабарлады. - Бүгінде Ақтауда республикалық «Әбіш оқулары» байқауы өтіп жатыр. Келесі жылы дәл осы байқауды халықаралық деңгейде өткізу жоспарда тұр. Әбіш аға атындағы рухани орталықты салу жұмыстары қолға алынды. Ішінде Әбіш Кекілбайұлының музейі мен ескерткіші болады. «Әбіш» энциклопедиясы 5000 данамен жарық көрді. Ақын Есенғали Раушанов Ә.Кекілбайұлы шығармашылығынан 25 томдық кітаптар жинағын шығару жұмысын бастап кетті. Келешекте Ә.Кекілбайұлы атында халықаралық театр фестивалі де ұйымдастырылады, - деді Е.Лұқпанұлы.Айгүл ДӘДЕН