4-8 сәуір күндері аралығында Жезқазғанда өткен Қазақстан республика чемпионатында жауынгерлік самбо күресінен маңғыстаулықтар жүлделі оралды. Жауынгерлік самбо күресіне барлығы 600 спортшы қатысқан.
«Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жастары өлкеміздің намысын қорғап келді. 52 кг салмақ дәрежесінде Нұркен Домбаев 1-орынды иеленсе, Нұрлыбай Серғазиев 68 кг салмақ дәрежесінде 3-орынды қанжығалады. 100 кг салмақ дәрежесіндегі Айболат Мұратұлы да 3-орыннан көрінді.
Маңғыстаудың намысын қорғап, самбодан алғашқы орынды қалт жібермеген Нұркеннің қарсыластары да осал болған жоқ.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: 1414 байланыс орталығына Кеңес атты робот «жұмысқа тұрды»Шығыс Қазақстандық Думан Егінбаевпен бірінші болып күрессе, екінші қарсыласы – қызылордалық Руслан Қаражігітов. Екі қарсыласын жеңіп келген Нұркен 3-мәрте ақтөбелік Ануар Кәрібаевпен белдеседі.
Ал финалда тағы да ақтөбелік Эдуард Сапаровпен күрескен Нұркен жеңіске жетеді.
Айгүл ДӘДЕН