Көктем келді, көктеммен бірге той маусымы да ашылды. Ақтау қаласындағы әсем орындарға жас-жұбайлармен бірге дос-туыстар да «гулянкаға» шығуды дәстүрге айналдырған. Көңіл көтерудің бір мүмкіндігі деп түсінетін жастар атышулы бренд көліктерімен қала ішінде жарысуды жөн санайды. Әр тойда жасалатын «гулянка» бірінен-бірі артық болса екен деп, бәсекеге түскелі қашан?! Демалыс күні үйлену картеждерінде қыдырған той иелеріне қатаң ескерту де жасалды. Сөйтіп 6 сәуірде жергілікті полиция және журналистердің қатысуымен үйлену картеждеріне рейд жүргізілген болатын.
- Рейд үшін әдейі жұма күнін таңдап алдық. Қазір той көп болатын мерзім, оның үстіне халық тойды жұмада өткізгенді құп көреді. 8 картежді тоқтаттық, оның алтауы жол ережесін бұзған. Яғни көлік ішінде балалар, жастар белдік тақпай отыр, балалар креслосы да жоқ. Кейбір көліктердің құжаты дұрыс емес. Заңға бағынбаған көлік иелеріне айыппұл салынып, көліктер айыппұл тұрағына апарылды, - дейді полиция капитаны, Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің м.а. Айгерім Ибатуллаева.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ораз Сапашев: «Қазақ халқын білмейтіндер оны сен арқылы таниды»Бұл рейд әр апта сайын жүргізілмек. Өйткені, көп жағдайда үйленгелі жатқан жастар мен оның жақын-жуықтары бұл күнді «ерекше» есте қалдырғысы келеді. Жол ережесін бұзып қойса бір сәрі, түрлі апаттық жағдайларға алып келуі де мүмкін.
Шын мәнінде, атаулы күнде полицияның үйлену картеждерін қайта-қайта тоқтатуы жас-жұбайлардың алып-ұшқан көңіліне қаяу түсіруі мүмкін. Десе де заң бәріне ортақ. Өйткені сол бір керемет күн трагедияға айналмасына кім кепіл?!
Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="51396,51397,51398,51399,51401,51402,51403,51400"]